(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 20 ҚАҢТАРДАҒЫ № 56 ҚАУЛЫСЫ
Арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысы
(2009.05.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.05.06. № 833 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2009.05.06. № 833 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру ережесi бекітiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетiмен, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бiрлесiп үш ай мерзiмде арнайы су пайдалануға рұқсат берумен байланысты мәселелер бойынша нұсқаулықты әзiрлесiн және мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша бекiтсiн.
3. «Арнайы су пайдалануға келісім және рұқсат беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 желтоқсандағы № 1482 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., № 49, 557-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысымен
бекiтілген
ҚР Үкіметінің 2009.05.06. № 833 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру
ережесi
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2009.05.06. № 833 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа