(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 30 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 1003 ҚАУЛЫСЫ
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерiнiң қаражатын құрау және пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1003 қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 112-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерiнiң қаражатын құрау және пайдалану ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1003 қаулысымен
бекiтілген
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерiнiң
қаражатын құрау және пайдалану
ережесi
1. Осы Ереже орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерiнiң (бұдан әрi - орман мекемелерi) қаражатын құрау және пайдалану тәртібін реттейдi.
1) жеке және заңды тұлғаларға:
отырғызылатын материалдар өсiру мен орман тұқымдарын жинау;
көгалдандыратын, қорғаныштық, плантациялық және өзге де екпелер жасау;
орман шаруашылығы саласында оқу практикасын өткізу, консультациялық және техникалық көмек көрсету жөнiнде ақылы қызметтер көрсетуден, оның iшiнде мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу жолымен;
2) ормандарды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудi және санитарлық мақсатта, оның iшiнде тұрғын халықты отынмен қамтамасыз ету үшiн ағаш кесудi, жанама орман пайдалануды жүзеге асыру кезiнде алынған өнiмдердi өткізуден қаражат түсiре алады.
3. Орман мекемелерi жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн қызметтер үшiн төлемақы қарауында орман мекемелерi бар атқарушы органдар заңнамада белгіленген тәртiппен белгілеген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.
4. Күтіп-баптау мақсатында ағаш кесудi және санитарлық мақсатта, оның iшiнде халықты отынмен қамтамасыз ету үшiн ағаш кесудi, жанама орман пайдалануды жүзеге асыру кезiнде алынған өнiмдердi өткізу нарықтық бағамен жүргiзіледi.
Редакция документа
Демо – версия документа