Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.21.08 № 720 ҚАУЛЫСЫ

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 720 қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесі бекітілсін.

2. «Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласында деректер банкін құрып ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 мамырдағы № 463 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 252-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 21 тамыздағы

№ 720 қаулысымен бекітілген

 

 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңына сәйкес әзірленді.

2. Ереже еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды.

3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында статистикалық есеп жүргізу «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку