«Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 Қаулысы (2013.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің
тиімділігіне бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 Қаулысы
(2013.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 403 Қаулысымен күші жойылды
«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2013.17.06. № 602 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрі - атқарушы органдар) қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу бағалау ережесі бекітілсін.
2. Атқарушы органдар қызметінің тиімділігін тиісті бағыттар бойынша бағалауға жауапты мемлекеттік органдар үш ай мерзімде тиісті қорытындылар дайындауды қамтитын бағалау жүргізу әдістемесін әзірлесін және бекітсін.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы үш ай мерзімде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппаратымен келісім бойынша атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалаудың нәтижелері туралы қорытындының форматын әзірлесін және бекітсін.
4. Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің аппараттары:
2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу кестесін бекітсін;
Документ утратил силу
Демо – версия документа