(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ТРАНСФЕРТТІК БАҒА БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ 2008 Ж. 5 ШІЛДЕ...
Қазақстан Республикасының
Заңы
Трансферттік баға белгілеу туралы
(2009.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде мемлекеттік кіріс ысырабын болдырмау мақсатында трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпарат көздерінен алынған баға - ресми танылған ақпарат көздерінен, биржалық баға белгіленімдері туралы деректерден, уәкілетті органдардан, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінен алынған баға;
2) баға ауқымы - ресми ақпарат көздерінде жарияланған екі және (немесе) одан да көп нарықтық баға.
Ресми ақпарат көздерінде нарықтық баға болмаған жағдайда, баға ауқымы деп осы Заңда белгіленген тәртіппен нарықтық бағаны айқындау әдістерінің біреуін қолдану нәтижесінде «қол созу» принципіне сәйкес айқындалған екі және (немесе) одан да көп нарықтық баға танылады;
3) біртекті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - ұқсас болмаса да бірдей сипаттағы және ұқсас құрамдастардан тұратын, ол өздеріне бір ғана функцияларды атқаруға және өзара алмастырылуға мүмкіндік беретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);
4) дифференциал - мәміленің бағасын немесе ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері;
Редакция документа
Демо – версия документа