«Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 529 Қаулысы (күші жойылды)
«Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 529 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 15 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 7 маусымдағы
№ 529 қаулысымен
бекітілген
«Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қолданылу аясы
1. Осы «Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді және медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігіне, сондай-ақ олардың өмірлік циклі үдерістеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламенттің реттеу объектілері осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасына әкелінетін, Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі - КО СЭҚ БТН кодтары) кіретін медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар болып табылады.
3. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сәйкестендіру:
Документ утратил силу
Демо – версия документа