(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.20.06 № 957 ҚАУЛЫСЫ
Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 маусымдағы № 957 Қаулысы
(2009.02.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында білім беру қызметін көрсету болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 64800000 (алпыс төрт миллион сегіз жүз мың) теңге бөлінсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітуді;
2) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражат есебінен 64800000 (алпыс төрт миллион сегіз жүз мың) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамның Директорлар кеңесін қосымшаға сәйкес құрамда сайлауды қамтамасыз етсін;
Редакция документа
Демо – версия документа