«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысымен бекітілген) (2013.05.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 26 мамырдағы
№ 476 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2010.22.10. № 1093 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.05.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 332 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 550-кабинет, электрондық мекенжайы www.mіnfіn.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - ҚБК) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3) тармақшасының негізінде көрсетіледі.
4. «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.mіnfіn.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 332 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қолданылу мерзімі шектеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін және аккредиттелген кәсіби ұйымдардың тізілімінде міндетті тіркеуге жататын кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
Аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш пен осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайды;
Документ утратил силу
Демо – версия документа