«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 504 Қаулысы (2011.05.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 504 Қаулысы
(2011.05.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 92 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сондай-ақ өзге ұйымдар (келісім бойынша):
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) 2010 жылғы 1 қарашаға және 2011 жылғы 1 ақпанға Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат берсін.
3) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі 2010 жылғы 30 қарашаға және 2011 жылғы 28 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4) Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.05.04. № 370 Қаулысымен іс-шаралар жоспары өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 2 маусымдағы
№ 504 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру
және пайдалану тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындалуына (іске асырылуына) жауапты | Орындау (іске асыру) мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу |
Документ утратил силу
Демо – версия документа