«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 74-ө Өкімі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 74-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес белгіленген мерзімде:
1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 25 мамырдағы
№ 74-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҚР Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2010 жылғы мамыр |
Демо – версия документа