(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІ 2007 ЖЫЛҒЫ 23 ҚАРАШАДАҒЫ № 1125
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 Қаулысы
(2009.09.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 345 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.31.12 № 1327 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.25.05 № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.18.07 № 1095 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.09.12 № 2053 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 23 қарашадағы
№ 1125 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы
Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның
Құрамы
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға |
Сүлейменов Тимур Мұратұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Шварцкопф Илона Альбертовна | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры, хатшы |
Ақылбай Серік Байсейітұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің хатшысы (келісім бойынша) |
Котович Валерий Николаевич | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің хатшысы (келісімбойынша) |
Редакция документа
Демо – версия документа