Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«2010 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 406 Қаулысы

2010 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 406 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2010 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.

2. «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

3 тармақта:

40) тармақшадағы «бөлу.» деген сөз «бөлу;» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 41-2) және 41-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«41) осы қаулыға 41-2-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке меншік кәсіпкерлікті қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

42) осы қаулыға 41-3-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу.»;

4-тармақта:

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне 2 656 661 мың теңге»;

мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне 78 550 мың теңге»;

жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтардағы «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын;

15-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15-2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2010 жылғы 30 мамырға дейінгі мерзімде:

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікке мемлекеттік қаржылай қолдау көрсету тәртібі шешімінің жобасын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку