(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 15.06.99 Ж. № 751 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық
бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 ж. 15 маусымдағы № 751 қаулысы
(2009.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің ұсынылып отырған тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 15 маусымдағы № 751
қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 19.01.01 ж. № 79; 09.02.02 ж. № 195; 12.04.02 ж. № 421; 12.04.02 ж. № 422; 04.03.04 ж. № 303 ; 2009.27.04 . № 585 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің:
Ақмола облысы бойынша;
Ақтөбе облысы бойынша;
Алматы қаласы бойынша;
Алматы облысы бойынша;
Астана қаласы бойынша;
Атырау облысы бойынша;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша;
Жамбыл облысы бойынша;
Батыс Қазақстан облысы бойынша;
Қарағанды облысы бойынша;
Қостанай облысы бойынша;
Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша;
Маңғыстау облысы бойынша;
Павлодар облысы бойынша;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша;
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттері;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпараттық қызметі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланысты қамтамасыз ету орталығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы;
Редакция документа
Демо – версия документа