(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 27 СӘУІРДЕГІ № 470 ҚАУЛЫСЫ
Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысы
(2007.02.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен тарату және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесі;
2) Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсiн.
3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Үкіметінiң
2004 жылғы 27 сәуірдегі
№ 470 қаулысымен
бекітілген
Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру
қорларын құру, олардың жұмыс iстеу мен тарату және астық қабылдау
кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға
кепiлдiк беру жүйесiне қатысу ережесi
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа