(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2010 жылғы 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде ақпарат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде ақпарат беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - кепіл туралы мәліметтер үзінді берілген күннің алдындағы жұмыс күнінің аяғында берілген сілтемені қамтып және тіркеуші органның лауазымды тұлғасының қолы қойылып, тіркеуші органның мөрімен куәландырылуға тиіс міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді түрінде ақпарат беру рәсімі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындары және оның филиалдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді алу болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушылар қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызмет алуға өтініш берген сәттен бастап:
1) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпараттық қызмет жазбаша өтініш келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылады (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне кірмейді);
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
Редакция документа
Демо – версия документа