(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2010 жылғы 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған
тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - жылжымайтын объектілер жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру рәсімі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі-уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жылжымайтын объектілер жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру болып табылады.
6. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олардың құзыретіне сәйкес сот, құқық қорғау органдарының және басқа мемлекеттік органдардың дәлелді сауалдары бойынша ұсынылады. Өзге адамдарға көрсетілген ақпарат құқық иесінің келісімі бойынша беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызмет алуға өтініш берген сәттен бастап:
Редакция документа
Демо – версия документа