(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2010 жылғы 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне кепіл талаптары бар (кепілді тіркеу туралы өтініш) шарттағы немесе өзге шарттағы мәліметтерді енгізу жөнінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеттерінің жиынтығын білдіретін, тіркеуші органның жылжымалы мүлік кепілін есепке алу рәсімі, тіркеуші органдардың жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік беруі мен Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де іс-әрекеттері.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны тұтынушының тіркеу туралы белгісі бар кепіл шартын алуы және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызмет алуға өтініш берген сәттен бастап:
1) міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу екі күн ішінде жүргізіледі (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
Редакция документа
Демо – версия документа