(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2004 Ж. 9 ШІЛДЕДЕГІ № 591-II ЗАҢЫ
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы
мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
2004 жылғы 9 шілдедегі № 591-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2009.10.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік оңалту - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге асыратын өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, дене бітімі, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық жағынан қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;
2) жеке профилактикалық жұмыс - жеке және заңды тұлғалардың өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандар мен тұрмысы қолайсыз отбасыларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарды уақтылы анықтау, оларды әлеуметтік оңалту және (немесе) олардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі қызметі;
Редакция документа
Демо – версия документа