Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2004 Ж. 9 ШІЛДЕДЕГІ № 591-II ЗАҢЫ

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы
мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
2004 жылғы 9 шілдедегі № 591-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) қадағалаусыз қалу - кәмелетке толмағандардың құқық бұзуына ықпал ететiн, олардың мiнез-құлқы мен тұрмыс жағдайына тиiсiнше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтiк құбылыс;

2) қадағалаусыз қалған бала - ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешiлердiң және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi басқа да оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекемелер қызметкерлерiнiң тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркімен кетуi салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала;

3) панасыз қалған бала - тұрғылықты жерi жоқ қадағалаусыз қалған бала;

4) өмiрде қиын жағдайға душар болған балалар - қалыптасқан жағдайлардың салдарынан тiршiлiк әрекетi бұзылған және осы жағдайларды өз бетiнше немесе отбасының көмегiмен жеңе алмайтын балалар;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку