«Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 148 Қаулысы
«Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 148 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тізбеде көрсетілген мерзімге сәйкес мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізсін.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Демо – версия документа