Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 175-ө Өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 175-ө Өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

 

 

Премьер-Министр

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2009 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 175-ө өкімімен

бекітілген

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

 

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Акт нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2010 жылғы қаңтар

2

Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткерлерді біліктілік емтиханының өткізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2010 жылғы қаңтар

3

Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру ережесін бекіту туралы

Әділетминінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы қаңтар

4

Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру ережесін бекіту туралы

Әділетминінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы қаңтар

5

Бағалау стандарттарын бекіту туралы

Әділетминінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы қаңтар

6

Бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын бекіту туралы

Әділетминінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы қаңтар

 

Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку