«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген) (2011.31.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 336 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 26 ақпандағы
№ 140 қаулысымен
бекітілген
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.31.03. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет осы стандарттың 1, 2-қосымшаларына сәйкес Астана қаласының білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі - білім бөлімдері), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100 - 116-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулылары негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат тізбесі осы стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетілген білім бөлімдері мен орталықтардың фойесінде, сондай-ақ көрсетілген ұйымдардың интернет-ресурстарында орналасады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны 4-қосымшаға сәйкес қорғаншылық пен қамқоршылық жөнінде анықтама беру (бұдан әрі - анықтама) не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа