(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫ ТУРАЛЫ 18.03.02 Ж. № 304-ІІ ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Әділет органдары туралы
(2010.20.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға түсініктемені қара
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2-тарау. Әділет органдарының жүйесі және (5 - 14 баптар)
3-тарау. Әділет органдарының негізгі (15 - 24 баптар)
функциялары, құқықтары мен міндеттері
4-тарау. Әділет органдарының кадрлары (25 - 32 баптар)
5-тарау. Әділет органдарының ұйымдастырылуы (33 бап)
мен қызметінің өзге де мәселелері
1-бап. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
2-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
3-бап. Әдiлет органдарының мiндеттерi
Әдiлет органдарының мiндеттерi:
1) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу;
Редакция документа
Демо – версия документа