(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ҚР 1998 Ж. 20 ҚАРАШАДАҒЫ...
Аудиторлық қызмет туралы
Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304-I Заңы
(2009.28.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға енгізілетін өзгерістерді қара:
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен Заңның мәтіні жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсіби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйым (бұдан әрі - кәсіби ұйым) - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;
2) аккредиттеу - уәкілетті органның осы Заңда көзделген кәсіби аудиторлық ұйымдардың құқықтылығын ресми тануы;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) аудитор - Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға;
5) аудиторлық есеп - жүргізілген аудиттің нәтижесі болып табылатын жазбаша ресми құжат;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) аудиторлық қызмет - қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты мен басқа да ақпараттың аудитін жүргізу және қызмет бейіні бойынша қызметтер ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
Редакция документа
Демо – версия документа