Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2006 ЖЫЛҒЫ 15 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 207-III ҚР ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Мәдениет туралы

(2008.24.12. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-4 баптар)

2-тарау. Мәдениет саласындағы мемлекеттік басқару

(5-9 баптар)

3-тарау. Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары мен міндеттері

(10-12 баптар)

4-тарау. Шығармашыл қызметкерлердің және мәдениет қызметкерлерінің, шығармашылық одақтардың және кәсіби емес (әуесқой) шығармашылық бірлестіктердің құқықтық мәртебесі

(13-18 баптар)

5-тарау. Мәдениет саласындағы қызмет

(19-31 баптар)

6-тарау. Мәдени құндылықтар және ұлттық мәдени игілік

(32-36 баптар)

7-тарау. Мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық

(37-38 баптар)

8-тарау. Қорытынды ережелер

(39-40 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениетті жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

 

1-тарау.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) көркем құндылықтар - шығармашылық қызмет нәтижесінде жасалған мәдениет және өнер туындылары;

2) көтермелеудің салалық жүйесі - саланы дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет және өнер қызметкерлерін моральдық ынталандыру нысаны;

3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасы - мемлекеттік маңызы бар және өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз Қазақстан Республикасына ерекше тиесілі мәдени құндылықтар жиынтығы;

4) мәдениет - адамзат жасаған әрі жасайтын және жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку