Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.22.12 № 2162 ҚАУЛЫСЫ

2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 1 және 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын, оның ішінде 2010 жылға:

1) кірістер - 3 075 328 927 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 1 645 919 671 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 61 816 072 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 26 748 312 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 1 340 844 872 мың теңге;

2) шығындар - 3 702 354 223 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 15 795 898 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 128 990 009 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 113 194 111 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 78 178 806 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 78 678 806 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 500 000 мың теңге;

5) тапшылық - -721 000 000 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 4,1 пайыз;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 721 000 000 мың теңге.

2. Қоса беріліп отырған:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бюджеттік инвестициялық жобаларының тізбесі бекітілсін.

3. Мыналар:

1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

2) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку