«Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 Қаулысы (2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 Қаулысы
(2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 318 Қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік органдардың зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселесіндегі қызметін үйлестіру мен өзара іс-қимылын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 181 қаулысымен
бекітілген
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы
ереже
1. Негізгі ережелер
1. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқықтарын баламалы қорғау мәселелерін реттеу жөнінде нақты іс-қимылдарды іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;
Документ утратил силу
Демо – версия документа