(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЛААРАЛЫҚ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ОПЕ...
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу
жөніндегі біліктiлiк талаптары мен өлшемдерiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 10 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының»Байланыс туралы«және «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс рыногын ырықтандырудың бiрiншi кезеңін iске асыру және байланыс операторларының магистральдық тораптардың желілiк ресурстарына және қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының байланыс желілерiне қол жетiмділiгін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі білiктiлiк талаптары мен өлшемдерi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысымен
бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу
жөніндегі біліктілік тараптары мен өлшемдері
Қазақстан Республикасының»Байланыс туралы«және «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнде (бұдан әрi - ҚР ОПТЖ) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн ұсыну жөніндегі қызметтi мынадай байланыс операторлары жүзеге асырады:
қалааралық және халықаралық байланыс операторлары;
халықаралық байланыс операторлары;
қалааралық байланыс операторлары.
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының қызметi уәкілеттi органның телекоммуникация саласындағы қызметті жүзеге асыруға берген тиiстi лицензияларымен айқындалады.
Редакция документа
Демо – версия документа