«Экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес және карантиндік іс-шараларға қатысу жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 201 Бұйрығы (күші жойылды)
Экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес және карантиндік іс-шараларға қатысу жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 201 Бұйрығы
Ішкі істер органдарының қызметін жандандыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасудың тиімділігін арттыру, осы жұмыстың нысандары мен әдістерін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес және карантиндік іс-шараларға қатысу жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру туралы» нұсқаулық бекітілсін.
2. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) сынақтар қабылдай отырып, мүдделі қызметтер қызметкерлерінің осы Нұсқаулықты зерделеуін ұйымдастырсын және оның талаптарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсін;
2) экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі табиғатты қорғау полициясы, қоғамдық қауіпсіздік, криминалдық, жол полициясы, тергеу және анықтау бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу мәселелерін бақылауға алсын;
3) экологиялық қылмыстарды анықтау және жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттерінің тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Документ утратил силу
Демо – версия документа