(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.18.02 № 185 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010-2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысы
(2009.06.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 2 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010-2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдар
Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1185 Қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 18 ақпандағы
№ 185 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2010-2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары
Р/с № | Заң жобасының атауы | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Ұсыну мерзімі | ||
Әділет министрлігі | Үкімет | Парламент | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Нотариат туралы (жаңа редакция) | Әділетмині | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан |
2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан |
3. | Бітімгершілік қызмет туралы | Қорғанысмині | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан |
4. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | БП | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан |
Редакция документа
Демо – версия документа