«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 163 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 163 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 267 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 125, 75-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Орталық атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдар Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 2 наурыздағы
№ 163 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 18 ақпандағы
№ 185 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары
Р/с № | Заң жобасының атауы | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Ұсыну мерзімі | ||
Әділет министрлігі | Үкімет | Парламент | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан |
2. | Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау қызметі туралы | Әділетмині | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 2-тоқсан |
3. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бақылау және қадағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 2-тоқсан |
Документ утратил силу
Демо – версия документа