«Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 112 Қаулысы
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 112 Қаулысы
«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды аса қауіпті инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 23 ақпандағы
№ 112 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге
2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) 009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша (бұдан әрі - ағымдағы нысаналы трансферттер) облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін анықтайды.
Демо – версия документа