«Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 Қаулысы (2012.07.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 Қаулысы
(2012.07.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 755 Қаулысымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасы;
2) Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ереже бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 11, 108-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.07.08. № 1029 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қаңтардағы
№ 44 қаулысымен
бекітілген
Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу
қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы заңдарына сәйкес әзірленді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа