Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2006 ЖЫЛҒЫ 4 МАМЫРДАҒЫ № 111 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

 

Осы редакция 2010 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сөйкес халықтың өмір сүру сапасын арттыру, Астана қаласының әлемдік стандарттарға сай келетін және экономиканың өсуіне барабар тыныс-тіршілік инфрақұрылымын қалыптастыру, елорданың мемлекет экономикасындағы ықпалдастық рөлін арттыру, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны камтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:

1. Астана каласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін.

3. Орталық және жергілікті аткарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Астана каласының әкімі:

1) Бағдарламаның орындалуын үйлестіруді Қазақстан Республикасының заңнамасыңда белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;

2) жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

5. Осы Жарлықтың іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Президенті

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы мамырдың 4-і.

№ 111

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы 4 мамырдағы

№ 111 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық

дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Мазмұны

 

Бағдарламаның паспорты

Кіріспе

1. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

1.1. Жалпы сипаттама

1.2. Әлеуметтік сала

1.2.1. Демографиялық даму

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку