(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АРАЛЫҚ СОТТАР ТУРАЛЫ 2004.28.12 Ж. № 22-III ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Заңы
Аралық соттар туралы
(2009.04.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-10 баптар)
2-тарау. Аралық соттың құрамы (11-16 баптар)
3-тарау. Аралық сотта дауды шешуге байланысты шығыстар (17-18 баптар)
4-тарау. Аралық сотта іс қарау (19-32 баптар)
5-тарау. Аралық соттың шешімі (33-44 баптар)
6-тарау. Аралық соттың шешімін орындау (45-48 баптар)
Осы Заң Қазақстан Республикасы аралық соттары құрылуының, қызметiнiң, сондай-ақ шешiмдерi орындалуының тәртібін реттейдi.
1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң, егер Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде өзгеше белгiленбесе, жеке және заңды тұлғалар арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарттардан туындаған дауларға қатысты қолданылады.
2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аралық келісім - шарт тараптарының туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды аралық соттың қарауына беру туралы жазбаша келісімi;
2) аралық сот - тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот, биржалық төрелік немесе тараптар нақты дауды шешу үшiн құрған аралық сот (бұдан әрi - нақты дауды шешуге арналған аралық сот);
Редакция документа
Демо – версия документа