(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 01.07.03 Ж. № 446-ІІ ЗАҢЫ
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446-ІІ Қазақстан
Республикасының Заңы
(2010.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-5 баптар)
2-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін (6-9 баптар)
міндетті сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін
қамтамасыз ету
3-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін (10-18 баптар)
міндетті сақтандыру шарты
4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары (19-21 баптар)
5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның (22-29 баптар)
және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
6-тарау. Қорытынды ережелер (30-31 баптар)
Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) көлiк құралының иесi - көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкіміне орай көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхатпен және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;
Редакция документа
Демо – версия документа