«Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 37 Қаулысы
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 37 Қаулысы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 29 қаңтардағы
№ 37 қаулысына
қосымша
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Селолық елді мекендерде жаңа әр шаруашылық бойынша кітаптардың толтырылуы туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 6 наурыздағы № 45-ө өкімі.
2. «Тұтыну бағаларының серпініне, инфляциялық процестерге және олардың халықтың тұрмыс деңгейіне әсеріне тұрақты статистикалық байқау ұйымдастыру және республикадағы әлеуметтік процестерді дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 11 қазандағы № 600 қаулысы.
3. «Күші жойылды деп тану және мемлекеттік сақтандыру мәселелері жөніндегі Қазақ КСР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 ақпандағы № 149 қаулысы.
Демо – версия документа