Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2260 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2260 Қаулысы

 

«2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:

201 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» әкімшісі бойынша:

006 «Ақпараттық жүйені дамыту» бағдарламасы бойынша:

«Бақылау» автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесі» деген жолда «198486» деген сандар «198726» деген сандармен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық веб-порталын құру» деген жолда «109701» деген сандар «109461» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі  

 

К. Мәсімов

                             

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку