«2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 Қаулысы (2009.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 Қаулысы
(2009.31.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2009.24.03. № 389 Қаулысымен ( бұр.ред.қара); 2009.14.04. № 515 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2009.19. 11 № 1894 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын, оның ішінде 2009 жылға:
1) кірістер - 2768742908 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 138127864 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 89630415 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5458048 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 1292375799 мың теңге;
2) шығындар - 3178048422 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 18736401 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 46201969 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 27465568 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 145583080 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 147083080 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1500000 мың теңге;
5) тапшылық - -573 624 995 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 3,5 пайыз;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 573 624 995 мың теңге.
2. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредит есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бюджеттік инвестициялық жобаларының тізбесі бекітілсін.
1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
Демо – версия документа