«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу және оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 313 Бұйрығы (күші жойылды)
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу және оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 313 Бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары -Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 348 бұйрығымен күші жойылды
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу және оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 23 мамырдағы № 279 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4750 тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған, 2007 жыл, маусым,) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғ.М.Мұхамбетовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ә. Исекешев |
Индустрия және сауда министрінің
2009 жылғы 12 қарашадағы
Документ утратил силу
Демо – версия документа