(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 1997 Ж. 13 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 209-I ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін күшіне енгізу туралы
1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 209-I Қазақстан Республикасының Заңы
(2003.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАР ЖИНАҒЫНЫҢ III ТОМЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-атқару кодексін күшіне енгізу туралы ЗАҢНЫҢ МӘТІНІН ҚАРА
1-бап. Осы Заңда күшіне енгізудің өзге мерзімдері белгіленген ережелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілсін.
2-бап. Мыналар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылсын:
1. "Қазақ КСР-інің Еңбекпен түзеу кодексін бекіту туралы" 1971 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақ КСР Заңымен бекітілген Қазақ КСР-інің Еңбекпен түзеу кодексі (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1971 ж., № 51, 1973 ж., № 29, № 34, 1977 ж., № 14, № 29, № 45; 1981 ж., № 22, 71-құжат; 1982 ж., № 2, 24-құжат; 1983 ж., № 15, 156-құжат; № 46, 117, 118-құжаттар; 1985 ж., № 49, 514-құжат; 1986 ж., № 28, № 49, 507-құжат; 1987 ж., № 45, 542-құжат; 1988 ж., № 35, 323-құжат; 1989 ж., № 23, 174-құжат; 1991 ж., № 26, 348-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 319-құжат; 1993 ж., № 17, 418-құжат);
2. "Қазақ КСР-інің Еңбекпен түзеу кодексін күшіне енгізу тәртібі туралы" 1972 жылғы 11 мамырдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1972 ж., № 21);
3. "Қазақ КСР еңбекшілер депутаттары аудандық, қалалық және облыстық Кеңестері атқару комитеттерінің жанындағы байқау комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" 1965 жылғы 28 сәуірдегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1967 ж., № 34; № 1971 ж., № 12; 1972 ж., № 23; 1987 ж., № 24, 313-құжат; № 32, № 49 66-құжаттар).
Редакция документа
Демо – версия документа