Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 1997 Ж. 13 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 209-I ҚР ЗАҢЫ

 Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының
Қылмыстық-атқару кодексiн күшiне енгізу туралы

 

1-бап

Осы Заңда күшiне енгізудiң өзге мерзiмдерi белгiленген ережелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн.

 

2-бап

Мыналар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшi жойылды деп танылсын:

1. «Қазақ КСР-iнiң Еңбекпен түзеу кодексiн бекіту туралы» 1971 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақ КСР Заңымен бекітілген Қазақ КСР-iнiң Еңбекпен түзеу кодексi (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1971 ж., № 51, 1973 ж., № 29, № 34, 1977 ж., № 14, № 29, № 45; 1981 ж., № 22, 71-құжат; 1982 ж., № 2, 24-құжат; 1983 ж., № 15, 156-құжат; № 46, 117, 118-құжаттар; 1985 ж., № 49, 514-құжат; 1986 ж., № 28, № 49, 507-құжат; 1987 ж., № 45, 542-құжат; 1988 ж., № 35, 323-құжат; 1989 ж., № 23, 174-құжат; 1991 ж., № 26, 348-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 319-құжат; 1993 ж., № 17, 418-құжат);

2. «Қазақ КСР-iнiң Еңбекпен түзеу кодексiн күшiне енгізу тәртібі туралы» 1972 жылғы 11 мамырдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1972 ж., № 21);

3. «Қазақ КСР еңбекшiлер депутаттары аудандық, қалалық және облыстық Кеңестерi атқару комитеттерiнiң жанындағы байқау комиссиялары туралы ереженi бекіту туралы» 1965 жылғы 28 сәуірдегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1967 ж., № 34; 1971 ж., № 12; 1972 ж., № 23; 1987 ж., № 24, 313-құжат; № 32, 49, 66-құжаттар).

 

3-бап

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне сәйкес келтiрiлуге тиiс.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку