Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1997 Ж. 5 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 195-1 ЗАҢЫ

Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 195-1 Заңы

(2009.29.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 11 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заңға енгізілетін өзгерістерді қара:

2009.28.08 № 192-ІV ҚР Заңы (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)

 

     I-тарау. Жалпы ережелер                     (1 - 6 баптар)
     2-тарау. Адвокаттың мәртебесі               (7 - 18 баптар)
     3-тарау. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру    (19 - 33 баптар)
     4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер     (34 - бап)
 

 I-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Адвокатураның мақсаты

1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және біліктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.

2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық және басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.

Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.

 

2-бап. Адвокаттық қызмет туралы заңдар

1. Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы Заңнан және адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку