(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 13 МАМЫРДАҒЫ № 454 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 454 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К.Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 13 мамырдағы
№ 454 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы алып өту кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру ережесінде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган осы Ережеде көзделген бақылаудағы жүктердің импортына/экспортына қажетті құжаттарды құрайтын бірыңғай рұқсатты, сондай-ақ қажет болған кезде өсімдіктердің карантині саласындағы заңнамада белгіленген карантиндегі өнімнің импортына/экспортына рұқсат құжаттарын береді.»;
7-тармақта:
«15» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Ветеринариялық сертификат, ветеринариялық куәлік және уәкілетті органның импортқа рұқсаты бірыңғай рұқсаттың құрамында беріледі.»;
17-тармақта:
«15» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа