(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.26.07 № 633 ҚАУЛЫСЫ
Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 Қаулысы
(2009.20.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін толтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.12.03. № 294 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық холдингтер, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестердің (олар болған жағдайда) ұсынымдарын ескере отырып, акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;
1-1) акционерлік қоғам - ұлттық басқарушы холдинг Қазақстан Республикасының шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтерді есептеуді жүзеге асырады;
2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін орта мерзімді даму жоспарларына сай, акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;
ҚР Үкіметінің 2009.20.11. № 1903 қаулысымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі «Алматы» санаторийі» акционерлік қоғамы 2008 - 2010 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;
3) осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар 2007 жылдың қорытындылары бойынша таза кірістің 50 (елу) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды, 2008 жылдан бастап таза кірістің 15 (он бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды деп белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2009.20.11. № 1903 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
Редакция документа
Демо – версия документа