(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ 13.12.02 Ж. № 415...
Ветеринариялық препараттардың сериясының (топтарының), оның
ветеринариялық нормативінің талаптарына сәйкестігін анықтайтын
Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 ж. 13 желтоқсандағы № 415 бұйрығы
Осы редакция 2009 жылғы 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы 2002 жылғы шілденің 10-жұлдызындағы «Ветеринария туралы» Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес Бұйырамын:
1. Ветеринариялық препараттардың сериясының (топтарының), оның ветеринариялық нормативінің талаптарына сәйкестігін анықтайтын Ережесі бекітілсін.
2. Ветеринария департаменті, осы бұйрықтан туындайтын заңдарда белгіленген тәртіп бойынша, қажетті шаралар қолдансын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ветеринария департаментінің директоры М.Т.Мыңжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Министр
Премьер-Министрінің орынбасары -
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2002 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 415 бұйрығымен бекітілген
Ветеринариялық препараттардың сериясының (партиясының)
ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін анықтау
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес жасалынып, Қазақстан Республикасында тіркеуге алынған ветеринариялық препараттардың серияларына бақылау жүргізудің бірыңғай тәртібін анықтайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық препараттар саласында жұмыс істеуші заңды және жеке тұлғалар үшін осы Ереженің талаптарын орындау міндетті болып табылады.
3. Ветеринариялық препараттардың сериясының (партияларының) сәйкестігін анықтау, тиісті ветеринариялық препараттың ветеринариялық негізі еске алына отырып іске асырылады.
4. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
Редакция документа
Демо – версия документа