«Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысына тыйым салу, тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 708 Бұйрығы (күші жойылды)
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысына тыйым салу, тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 708 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 Бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 84-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысына тыйым салу, тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ж. Досқалиев |
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 13 қарашадағы
№ 708 бұйрығымен
бекітілген
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысына тыйым салу, тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою ережесі
1. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа