«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу және әкету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 710 Бұйрығы (2011.08.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу және әкету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 710 Бұйрығы
(2011.08.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 366 Бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 80 және 81-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу ережесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкету ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) кеден органдарының назарына дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техникасын әкелуге және әкетуге рұқсатты растайтын уәкілетті адамдардың қол қою үлгілері мен мөрлерінің көшірмесін беруді қамтамасыз етсін;
3) Қазақстан Республикасының кеден органдарына толуына қарай Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың тізбесін ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа