(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2007.16.07 № 210 ҚАУЛЫСЫ
Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың базалық активтерін сатып алу тізбесі және тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екінші деңгейдегі банктер базалық активі:
шетел және ұлттық валютасы;
валюта индекстері;
тазартылған қымбат металдар;
сыйақы ставкасы: купон, дисконт, кірістілік, пайыздық своптар бойынша ставка, спред, пайыздық өзгеру және құбылмалылық;
бағалы қағаздар, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерге «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес сатып алуға рұқсат берілген туынды бағалы қағаздар;
тізбесі осы қаулының 1-қосымшасымен айқындалған есеп айырысу көрсеткіштері (индекстері);
кредиттік тәуекел (credit risk);
тізбесі осы қаулының 2-қосымшасымен айқындалған тауарлық активтер, көрсетілген тауарлық активтерді нақты жеткізуді жүзеге асырмастан, сондай-ақ тауарлық активтерге индекстер болып табылатын туынды бағалы қағаздармен брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алады.
2. Базалық активтері осы қаулының 1-тармағымен айқындалған туынды бағалы қағаздар бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған рыноктарында сатып алынады.
Редакция документа
Демо – версия документа