«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 1873 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 1873 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
02 «Қорғаныс» функционалдық тобында:
202 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген әкімші бойынша:
003 «Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу және реконструкциялау» деген бағдарламада:
3-бағанда:
«Ақмола облысының Щучье қаласында 6 автокөлікке арналған өрт депосының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және салу» деген жолдағы «466 636» деген сандар «444 250» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ақмола облысының Щучье қаласында 6 автокөлікке арналған өрт депосының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және салу» деген жолдағы «473 589» деген сандар «442 150» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ақмола облысының Щучье ауданының Бурабай кентінде 6 автокөлікке арналған өрт депосының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және салу» деген жолдағы «466 636» деген сандар «431 969» деген сандармен ауыстырылсын;
«Астана қаласында 6 шығу жолдары бар өрт депосын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу» деген жолдағы «25 000» деген сандар «14 000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Астана қаласында (Астрахан шоссесі) Тілендиев даңғылы бойынша 6 автокөлікке арналған өрт депосы ғимараттары кешенінің жобалау-сметалық құжаттарын пысықтау және салу» деген жолдағы «262 000» деген сандар «361 492» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |